^Жоғары

logo

Қызылорда технология және қызмет институтының тарихы

Сыр елінде білім беру ісінде өз орнын тапқан жоғары оқу орындарының бірі - Қызылорда технология және қызмет институты.

Институт 1998 жылы  Қызылорда инженерлік-экономикалық институты болып құрылды. Оқу үдерісі «Техника және бизнес» факультетінің математика және  ақпараттық технология, экономика және менеджмент, жалпы инженерлік пәндер, әлеуметтік пәндер кафедраларында ұйымдастырылды.

 2009 жылы Қызылорда инженерлік-экономикалық институты «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты болып қайта тіркелді.

 

2022 жылы 16маусымда Қызылордла технология және қызмет институты болып қайтадан құрылды. Қазақстаннын заманауи (элиталық) білім Ассоциациясы KAZSEE-де институционалды және мамандырылған аккредиттеуден 5 жыл мерзімге аккредиттелген.Институт құрылған жылдардан бастап профессор-оқытушылар құрамында Сыр елінде танымал ғалымдар еңбек етті. Олар: техника ғылымдарының докторлары, профессорлар С.Ә.Монтаев, С.З.Рахатов, Б.Е.Тыныштықбаев;  педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.С.Үсенов; физика-математика ғылымдарының докторы А.Ж.Сейітмұратов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.З.Сауытбаева; техника ғылымдарының кандидаттары Ж.Н.Байманов, П.Ә.Таңжарықов, Д.Т.Байниязов, Н.Әбілдаев, С.Аханов, М.Ембергенов, А.Т.Үргенішбеков, Ғ.О.Қаршыға, А.Т.Шегенбаев, А.М.Жабағиев; ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Ж.Ә.Әбілдаева, Ф.О.Искакова, М.М.Жанзақов, Б.Т.Кенжалиева; экономика ғылымдарының кандидаттары Ш.Қ.Алехина, Д.А.Ахметов, А.Б.Әлібекова; физика-математика ғылымдарының кандидаты А.О.Мұстаяпов; география ғылымдарының кандидаттары Қ.Ә.Омаров, О.Т.Айдаров; химия ғылымдарының кандидаты Н.Ахатаев.

Институт қабырғасында еңбек нарығына қажетті жоғары кәсіби және сұранысқа ие мамандар дайындалады. Институт  түлектері Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жемісті еңбек етуде.

Еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын сапалы және мазмұнды білім алған сай  мамандар даярлау мақсатында институт құрылтайшысы материалдық-техникалық базаны нығайтуды ерекше назарда ұстайды.

Қазіргі кезде институтта оқу үдерісін талапқа сай жүргізу үшін зертханалармен, оқу кабинеттерімен, дәрісханалармен жабдықталған. Мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы пәндері бойынша оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін оқу-зертханалық кабинеттер, оқу-өндірістік  шеберханалар, компьютерлік қондырғылар және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, институтта кітапхананың оқу залы, электрондық оқу залы,  спорт залы, студенттік жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылған.

Оқу-тәрбие және ғылыми-ізденіс жұмыстарын уақыт талабына сәйкес ұйымдастыру үшін, института төмендегі құрылымдық бөлімдері жасақталынған:

-        3 оқу ғимараты;

-        50 орынға арналған жатақхана;

-        200 мыңнан астам кітап қоры;

-        80 орынға арналған 2 оқу залы;

-        30 орынға арналған 2 электрондық оқу залы;

-        150-ге жуық жаңа үлгідегі компьютермен жабдықталған;

-        15 мамандандырылған оқу зертханалары;

-        тігін шеберханасы;

-        студенттік асхана;

-        дәрігерлік орталық;

-        2 спорт залы;

-        мәжіліс залы, мұражай және көрме залдары пайдаланылады.

Институт профессор-оқытушылары мен студенттерінің спортқа ден қоюына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасалған.

Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы жариялаған аң аулайтын алқаптарына иелік ету құқығын беру туралы тендрге қатысу нәтижесінде институт жалпы аумағы 6292 гектар Иіркөл аң аулау алқабына иелік жасау құқығын жеңіп алды. Институт бұл аймақта қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізумен қатар экология және дизайн мамандықтары бойынша оқу өндірістік  базасы ретінде пайдаланады. Осы аймақта институттың "Агробиологиялық орталығы" орналасқан.

 

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институтының Қазақстанның заманауи (элиталық) білім ассоциациясы KAZSEE-да аккредиттелген сертификаты:

27-28 июня 2022 года Кызылординский институт технологий и сервиса прошел специализированную аккредитацию международных институциональных и образовательных программ Ассоциацией Современного (Элитного) Образования Казахстана (KAZSEE).

 accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8 

 

Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8 

 

 

  • platonus
  • image001

 

 

kitap

IMG-20190226-WA0013

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz