^Жоғары

logo

Институттың негізгі мақсаты – іргелі және қолданбалы білім беру, үнемі кәсіби құзыреттілігін дамытуға деген қажеттілікті тәрбиелеу мен қатар, ізгілік ұстанымы негізінде рухани жоғары сапалы, интеллектуалды дамыған, дені сау, биік шығармашылық әлеуетімен ерекшеленетін, жақсылықты молайта алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Институттың құрылымы осы мақсаттарға жетуге бағытталған.

Институттың ұйымдастырушылық құрылымына кіреді: ректор, 3 проректор (бірінші проректор,академиялық проректор,ғылым және жаңа технология проректоры), 1 басқармасы, оқу бөлімі, 3 кафедра, ғылым бөлімі, оқу үдерісін тіркеуші кеңсесі, бухгалтерлік есеп бөлімі, кадр және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі, студенттік бөлім, маркетинг және ақылы қызметті есепке алу бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі.

Институттың бакалавриат бағдарламалары бойынша білім беру қызметі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  «Білім туралы» Заңы, Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласындағы қадағалау комитеті 2009 жылдың 18 мамырдағы шектеусіз мерзімге берілген лицензия (сериясы  №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ) және институт Жарғысы негіздерінде жүргізіледі.

2020-2021 оқу жылында бакалавриат контингенті 658 студентті құрайды.

Институт бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша қызметін жүргізеді:

  • 3 білім бағытындағы бағдарламалар (6B01408 - Бейнелеу өнері және сызу, 6B01514 – Информатика, 6B01409-Кәсіптік оқыту);
  • 1 құқық бағытындағы (6В04246-Құқықтану);
  • 1 өнер бағытындағы (6B02132-Дизайн);
  • 2 әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытындағы бағдарламалар (6В04141-Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит);
  • 4 техникалық ғылымдар және технологиялар бағытындағы (6В06150-Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, 6В07261-Мұнай газ ісі;  6В07155-Электр энергетикасы; 6В07365-Құрылыс);
  • 1 жаратылыстану ғылымдары бағытындағы (6B05247-Экология);
  • 4 қызмет көрсету бағытындағы бағдарламалары (6В11380-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;  6B11476-Әлеуметтік жұмыс; 6B11111 Мәдени көпшілік жұмысын ұйымдастыру;  6B03231-Кітапхана ісі).

Институт ғимараттарында зертханалармен, оқу кабинеттерімен, дәрісханалар орналасқан. Арнайы оқу дәрісханалары заманауи қондырғылармен және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар институтта кітапхананың оқу залдары, электрондық оқу залы, 2 спорт залы, студенттік жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету орталығы білім алушыларға қызмет көрсетеді.

Институтта білім беру қызметі 3 кафедрада: Инженерлік мамандықтар, Экономика және қызмет көрсету мамандықтары, Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер  кафедраларында жүргізіледі.

Студенттердің сабақтарға өздігінен дайындалу тиімділігін арттыру үшін институтта интернет жүйесіне қосылған компьютерлік келесі 4 сыныптар пайдалануға берілген:

1. Интернетке шығатын желіге қосылған жалпы компьютер класы;

2. Инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған компьютер класы;

3. Информатика және есептеу техника негіздері;

4. Компьютерлік жобалау класы.

Институтта  мүгедек, ата-анасы жоқ (тұл жетім), толық емес отбасынан шыққан азаматтар және оқу озаттары, белсенді студенттерге, сонымен қатар ҰБТ сертификаты бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерлерге жеңілдіктер қарастырылған. Оқу төлем ақысы білім алу кезеңінде  өзгермейді.

Институт кітапханасы мен оқу залы студенттерге қажетті оқулықтар және оқу құралдарымен жабдықталған. Кітапханадағы 200 000 данадан астам кітап қоры бар.

Білім алушылардың дене тәрбиесімен шұғылдануына және өнер шығармашылығымен айналысуына қажетті жағдайлар жасалған. Сонымен қатар оқу орнында 3 оқу ғимараттары, 50 орынды «Студенттік асхана», 50 орынды жатақхана және 200 орындық мәжіліс залы бар. Студенттердің медициналық тексеруден өтуі кесте бойынша жүргізіледі және олардың денсаулықтары үнемі бақылауға алынған. Институтта арнайы жабдықталған медициналық кабинеттер жұмыс жасайды.

Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8 

 

 

  • platonus
  • image001

 

 

kitap

IMG-20190226-WA0013

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz