^Жоғары

logo

52326.11.2019 ж. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық нститутында оқу ордасының табалдырығын аттаған бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Қиялдарын қанаттарына байлап, асқақ арман жетелеген жас ұландар өмір жолындағы қызықты да, бақытты кез студенттік шақтың басталғанын енді сезінгендей болды.

         Мерекелік кешке институт профессор-оқытушылық құрамы және бірінші курс студенттері қатысты.

         Шара шымылдығын ашқан институтымыздың оқу ісі жөніндегі проректоры – бірінші проректор, э.ғ.к. А.Әлібекова мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алу, студент атану – әрбір жастың арманы екендігін, студенттік жылдар – саналы өмірдің ең бір шаттыққа толы кезеңі екендігін, осы қуанышқа толы сәттерді тиімді пайдалана отырып, білімнің тереңіне бойлауға шақырып, әрқашан да демеу болатынын айтты. Сондай-ақ бірқатар студенттерді институттың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін, институт ректорының, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің және «Жас Отан» жастар қанаты филиалының алғысхаттарымен марапаттады.

Мерекелік кеште бітіруші-белсенді озат студенттер 1-курс студенттеріне салтанатты түрде дәстүрлі сынақ кітапшасын, білім кілтін және студенттік билетті табыстап, өз кезегінде 1-курс студенттері арасынан озат студенттер шығып, институт абыройын асқақтатуда зор жетістіктерге жетуге ант берді.

Концерттік бағдарлама, фуршетпен жалғасқан шара би кешіне ұласты.  

 

524

524

526

528

Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8 

 

 

  • platonus
  • image001

 

 

kitap

IMG-20190226-WA0013

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz