^Жоғары

logo

 Aituganova

 «Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к. Айтуған Айзада Айтуғанқызы. 

 

«Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасындағы профессор-оқытушылар құрамы – 13. Олардың ішінде 7 ғылым кандидаты, 2 магистр, 4 аға оқытушы бар.

 

 

Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:

 

6В04141-Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит;
6В04140-Экономикалық жобалау қызметі;
6B11476 Әлеуметтік жұмыс;
6B11111 Мәдени көпшілік жұмысын ұйымдастыру;
6B03231 Кітапхана ісі.

 

     Кафедра оқытушылары «Кәсіпорын экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру және басқару», «Менеджмент», «Стратегиялық менеджмент», «Инновациялық менеджмент», «Өндірістік менеджмент», «Заманауи менеджмент» «Ішкі фирмалық жоспарлау», «Жобаларды талдау», «Маркетинг», «Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі», «Логистика», «Сала экономикасы», «Кәсіпкерлік», «Табиғатты пайдалану экономикасы», «Персоналды басқару», «Жобаларды талдау және басқару», «Өнім сапасын басқару», «Стратегиялық жоспарлау», «Менеджмент және маркетинг негіздері», «Сапа менеджмент жүйесі», «Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау», «Дауыс қою», «Бұқаралық мерекелер және қойылымдар рижессуралары», «Библиографиятану», «Құжат және кітаптың жалпы теориясы» және т.б. пәндері бойынша жоғары оқу орнындағы барлық мамандықтарға дәріс береді.
     «Экономика және қызмет көрсету мамандықтары» кафедрасының өндіріспен және іс-тәжірибемен байланысы: «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС, «Бағдаулет» шаруа қожалығы, «Бағдаулет-57» шаруа қожалығы, «Бидайкөл» шаруа қожалығы, «Сбербанк» АҚ еншілес банкі, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Облыстық наркологиялық орталық мемлекеттік мекемесі, «Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Zhanros Drilling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сыр жиһазы KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сентрас Иншуранс» акционерлік қоғамы сақтандыру компаниясы, «Саутс-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда филиалы, «Бурводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, «Қазына и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы.

 


Кафедраның негізгі міндеттері:

 

- кафедраға бекітілген білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын, оқу жұмыс бағдарламаларын жасақтау;
- кафедраға бекітілген оқу пәндерінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
- кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының жеке жұмыс жоспарларын жасақтап, оны іске асыру;
- оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар, білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды бақылауларын өткізуге қатысты материалдарды даярлау;
- білім алушылардың оқу материалдарын сапалы меңгеруі үшін жаңа технологиялар мен инновациялық бағдарламаларды пайдалану;
- білім алушылардың өзіндік жұмыс жүргізуіне қолайлы оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтау және ұйымдастыру;
- мамандар дайындауда кәсіпорындар, мекемелермен іскерлік және әріптестік қарым-қатынастарды қалыптастыру;
- кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал ету;
- кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
- бекітілген іс-жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулермен айналысу, ғылыми жобалар даярлау, олардың нәтижелерін тәжірибеге және оқу үдерісіне енгізу.

 

Оқу-тәрбие жұмыстарында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоршаған орта тазалығын сақтау жұмыстары атты бөлімдері қарастырылған. Жоспардың мақсаты: ұлтжанды, ана-тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтейтін, салауатты өмір салтын дағдыға айналдырған, иманды, еңбекқор, іскер, өмірге икемді, бойында басқа да игі қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру, яғни сегіз қырлы бір сырлы азамат тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі уақытта кафедрада «Жас экономист», «Жас есепші» және «Жас өнерпаз» үйірмелері жұмыс істейді. Жете
кшілері: Ә.Ә.Пірімжанова, Д.Қосбармақова
Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының және ғылыми – әдістемелік семинарларының бекітілген жоспарларына сәйкес келесі ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

 

1)Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мына бағытта жүргізіледі:
- Ауыл шаруашылығындағы маркетингтің ерекшеліктері
;
- Мұнай - газ саласындағы логистикалық жүйелердің ерекшеліктері
;
- Ауылшаруашылығы кәсіпорындарын инвестициялаудың проблемалары
;
- Қызылорда о
блысының ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық; процестер
- Туристік бизнес саласына мамандар даярлаудың өзекті мәселелері
;
- Жастарды жұмыспен қамтуды басқару
;
- Экологиялық аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының мониторингі
;
- «Стандарт-кост» жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
;
- Биологиялық активтердің есебі
;
- Қазақстан Республикасында телекомуникациялық қызмет көрсету нарығының дамуы
;
- Қазақстан Республикасында көлік-логистикалық кластерінің қалыптасуы мен дамуы
;
- Қызылорда о
блысында қонақ – үй бизнесін дамытудың ерекшеліктері;

 

Негізгі ғылыми жарияланымдар:

 

 

     1. А.Б.Әлібекова, Р.Қ.Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н. Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №3(19), 2015,Том 1. «Методические особенности создания логистических систем в нефтегазовой отрасли» стр.64-68 Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru
     2. А.Б.Әлібекова, Р.Қ. Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №6(22), 2015, Том 1.
«ОсобенностиинновационныхпроцессоввАПККазахстана» Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru
     3.
А.Б.Әлібекова, Р.Қ.Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №6(22), 2015, Том 1. «РыноктелекоммуникационныхуслугРеспубликиКазахстан» Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru
     4.
А.Б.Әлібекова, Р.Қ. Бегалиева, Ә.Ә.Пірімжанова, С.Н.Бейсенова НАУКА И МИР Международный научный журнал, №6(22), 2015, Том 1. «РеструктуризацияжелезнодорожноготранспортаРеспубликиКазахстан» Impact factor of the journal «Science and world» – 0.325(Global Impact Factor 2013, Australia) www.scienceph.ru


 

 

Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8   

  • platonus
  • image001

  

kitap

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz