^Жоғары

logo

 

 Bauyrjan

Инженерлік мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі

т.ғ.к. Нұрадинов Бауыржан Нұрадинұлы

Кафедра меңгерушісінің телефоны: 8-775-467-05-73

 Білім беру бағдарламаларының тізімі:

6В07155-«Электр энергетикасы»

6В07365-«Құрылыс»

6В11380-«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын тасымалдау ұйымдастыру»

6В06150-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

6В07261-«Мұнай газ ісі»

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны - 21, оның ішінде, техника ғылымдарының кандидаты – 13, магистр – 6, аға оқытушы –16.

Кафедраның негізгі міндеттері:

-заманауи ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-білім беру процестерін ұйымдастыру үшін инновациялық әдістер негізінде оқу-тәрбие және оқу-әдістемелік жұмыстарды сапалы ұйымдастыру;
-студенттердің білімін жетілдіруде қазіргі технологияларды қолдану және игеру.

Ғылыми-зерттеу бағыттары
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары дәстүрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруде:

- жергілікті шикізаттарды қолданып, әртүрлі қолданылуына байланысты байланыстырғыш заттардың, бетондардың және бұйымдардың ресурстарды үнемдейтін және қалдықсыз өнім өндіру технологияны ұйымдастыру;
- жаңа тиімді бетондарды дайындау;
- мұнайгаз кешенінде, өнеркәсіптік және азаматтық үйлер мен ғимараттардың құрылыс конструкцияларын жобалау есептеулерін зерттеу;
- саланың пайдалану жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру, тасымалдау процестерін ұйымдастыруда маркетинг және менеджмент әдістерін енгізу және іске асыру, көлік кешендермен кәсіпорындарды жобалау, көліктік құрылғыларды техникалық пайдалану мен көлік қызметін тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарын зерттеу;
- электр станциялары және қосалқы станцияларды, электр көлігін, технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуын, жарық техникасы және жарық көздерін, электр техникалық қондырғылар мен жүйелерді, электр оқшауламалық және кабельдік техниканы, электр механикасын, энергияның дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматтандырылуын, электр жүйелері мен тораптарын пайдалану, жобалау және жаңартуға бағыттарын зерттеу;
- есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілермен, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің есептеу техникасы құралдарының және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелермен, бағдарламалық қамтамасыз етілуін (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) зерттеу;
- мұнайгаз құбырларын жобалауға қоса геодезиялық, геологиялық, гидрологиялық және гидрометеориялық жұмыстарды зерттеу;

- технологиялық операциялардың орындалуын бақылау, объектіге әкеліп түскен материалдар мен бұйымдардың сапасын бақылау.

Бітірушілердің кәсіби қызмет түрлері:

6В07365  –«Құрылыс» білім беру бағдарламасын бойынша бітірген түлекке құрылыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі және сәулеттік жобалау негіздерін, ғимарат конструкцияларының есептерін білікті жүргізу және құрылыс жинақтау жұмыстарын жүргізу негізінде даярланады;
6В11380-«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын тасымалдау ұйымдастыру»  білім беру бағдарламасын бойынша бітірген түлекке бакалавр академиялық дәрежесі беріледі және көліктегі қозғалысты ұйымдастырумен, әдістері мен тәсілдерін өндіріс саласында қызмет ету, көлік құралдары қозғалысын жобалау және модельдеу, қазіргі заманғы пайдалану жұмыстарының ұйымдастырушылық заңдылықтары мен процестерін зерттеу, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара әсерімен тасымалдау процестерін жетілдіру қызметтеріне даярланады;
6В07261 -«Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасын бойынша бітірген түлекке бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Мұнай газ кешені құрылыстары мен құрылғылар элементтерінің есептерін жұргізу, еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін, жобалау - зерттеу, техникалық, технологиялық және техника - экономикалық шешімдерді экологияның бүгінгі күн талабына сай жүргізу;
6В06150 -«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасын бойынша бітірген түлекке бакалавр академиялық дәрежесі беріледі және ақпараттық технология әдістерін және оның автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу, жобалау, ақпараттық бағдарламалық кешендерін құру, электрондық сұлбаларды, шағын процессорлық құралдарды талдау және синтездеу әдістерін игере білетін мамандар даярланады;
6В07155 -«Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасын бойынша бітірген түлекке бакалавр академиялық дәрежесі беріледі және электр энергетиканың өндірісі және қызметтерін іске асырудың түрлі жағдайларында анықтаудың принциптері мен әдістерін, экономикалық негізін саланың кәсіпорындарының өнімін, құнын және баға құрау жүйесін түсіне білетін мамандар даярланады;

 



Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8   

  • platonus
  • image001

  

kitap

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz