^Жоғары

logo

2022

Бисенов Кылышбай Алдабергенович,

Қызылорда технология және қызмет институтының ректоры,

т.ғ.д.,профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі

 

Құрметті сайт қонағы Сіз ректор блогы арқылы институт ректорына хат жібере аласыз. 
Ол үшін "Хат жазушы үшін" деген жерді толтырып, "Хатты жіберу" батырмасын басыңыз. 
Хатыңызға жауапты төмендегі "ЖАРИЯЛАНҒАН ХАТТАР ТІЗІМІ" деген жерден және өз электондық поштаңыздан оқи аласыз. 

ЕСКЕРТУ:  Егер хат мәтінінде басқа адамның ар намысына тиетін немесе басқа да келеңсіз жағдай болса хатыңыз блогта жарияланбайды. Жауапты тек өз электрондық поштаңыз арқылы ғана аласыз. 

Жарияланған хаттар тізімі:  

#16 Ректор 21.11.2022 07:28
Жауап:
Саламатсызба? Мен жалпы медицина мамандығына оқуға түсіп едім енді Қорқытқа ауысып биология пәнінің мұғалімін даярлауды оқи аламынба? Ол үшін не істеу керек және грант сақталады ма?
Құрметті Орманбек Тасқын! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының» сәйкес білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады. Бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне тек ақылы негізде оқуға ауыса алады. Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде мүмкін болатын ең үлкен пән айырмашылығы 30 ECTS кредитінен (немесе 20 Қазақстандық кредиттен) аспау керек. Толық ақпарат алу үшін университеттің оқу процесінің тіркеуші офисіне хабарласуға болады (тел.:872422460 47).
Жауап беру
#15 Орманбек 21.11.2022 07:27
Саламатсызба? Мен жалпы медицина мамандығына оқуға түсіп едім енді Қорқытқа ауысып биология пәнінің мұғалімін даярлауды оқи аламынба? Ол үшін не істеу керек және грант сақталады ма?
Жауап беру
#14 Ректор 20.09.2022 05:38
Жауап:
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Менің аяғым ауыр болуына байланысты, күзгі семестрді онлайн оқи аламын ба? Қандай көмектер қарастырылған? 3 курс оқитын едім.
Сәлеметсіз бе! Қызылорда технология және қызмет институтының ішкі тәртіп ережесіне сай, Сіз академиялық демалыс ала аласыз.
Жауап беру
#13 Aяулым 20.09.2022 05:37
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Менің аяғым ауыр болуына байланысты, күзгі семестрді онлайн оқи аламын ба? Қандай көмектер қарастырылған? 3 курс оқитын едім.
Жауап беру
#12 Ректор 20.09.2022 05:28
Жауап:
Саламатсызба, ректор ағай! Сізге қояр сұрағым, сіз басқарып отырған оқу орнында сырттай оқу қарастырылғанба?
Құрмаш, саламатсызба! 2018 жылдың 4 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Заңға сәйкес Қазақстанда сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды. Сырттай оқып жүрген студенттер оқуын бітіру керек, мысалы, 2018 жылы сырттай оқуға түскендердің барлығы оқуын бітіріп кете алады. Қызылорда технология және қызмет институтында күндізгі бакалавр, қашықтықтан қысқартылған, жоғары білімнен кейінгі білім беру формалары қарастырылған.
Нақтырақ жауап алғыңыз келген жағдайда Қызылорда технология және қызмет институтының Оқу-әдістемелік бөлімі мамандарына 8(7242) 30-46-40 байланыс телефондары арқылы хабарласып, анықтауыңызға болады.
Жауап беру
#11 Құрмаш 20.09.2022 05:27
Саламатсызба, ректор ағай! Сізге қояр сұрағым, сіз басқарып отырған оқу орнында сырттай оқу қарастырылғанба ?
Жауап беру
#10 Ректор 20.09.2022 05:25
Жауап:
Институт студенттері жатақханамен қамтамасыз етілген бе?
Құрметті, Арман, қайырлы күн! Қызылорда технология және қызмет институты алыс-жақын аудандар мен өзге өңірлерден келіп оқитын білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында білім беру ұйымында 2 жатақхана қызмет көрсетеді. Институттың жатақхана ғимараттары оқу корпустарына жақын орналасқан және білім алушыларға жайлы жағдай қарастырылған. Нақтырақ жауап алғыңыз келген жағдайда Қызылорда технология және қызмет институтының «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің мамандарына 8(7242) 303636 байланыс телефондары арқылы хабарласып, анықтауыңызға болады.
Жауап беру
#9 Арман 20.09.2022 05:24
Институт студенттері жатақханамен қамтамасыз етілген бе?
Жауап беру
#8 Дана 15.12.2021 07:24
Мен қазіргі таңда 1 курс студентімін. Менін сұрайын дегенім , егерде мен 1 курсты аяқтап кешенді тестілеуге қатыссам ары қарай, 2 курсты осы институтта жалғастыра аламынба?
Жауап беру
#7 Ректор 12.04.2018 03:28
Жауап:
Қадірлі Ұстаздар қауымы! 20 жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын! «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты» демекші, ғылым жолында өмірге өзіндік сара жол салып, кеңесін аямайтын, ақылшы Ұстаздарыңыз көп болсын! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты «Ақмешіт» институтын – 20 жасқа алып жетіпті. Осы институтта өнегелі өмір жолында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Ұстаздарымды мақтан тұтамын. Ғалым-Ұстаздың ғылыми еңбектері кейінгі ұрпаққа оң бағыт сілтейтін бағдаршам десек, бойындағы адами асыл қасиеттер үлгі-өнеге. Ұстаздарыма денсаулығы күйлі-қуатты, ғұмыры ұзақ, көрер қуанышы мол болсын деп әулетіне береке-бірлік, амандық тілеймін! Бұл менің ғана емес, барша шәкірттерінің тілегі деп білемін. Игі тілек білдіруші шәкірті Сабыржан Кеңшілік.

Тілек білдіргеніңізге рахмет!
Жауап беру

Хат жазушы үшін


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8   

  • platonus
  • image001

  

kitap

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz