^Жоғары

logo

Ғылыми кеңес

Қызылорда технология және қызмет институтының Ғылыми kеңесі институт қызметінің ең маңызды мәселелерін алқалы түрде қарау мақсатында құрылатын, сайланбалы уәкілетті орган болып табылады.

Ғылыми кеңестің төрағасы – институт ректоры, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,

Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары – бірінші проректор, PhD докторы Ерімбетов Көктем Ақарысұлы.

Ғылыми хатшы – техника ғылымдарының магистрі Есимова Нурзипа Сапаровна.

Институт Ғылыми кеңесінің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, белгілі ғалымдар, студент жастардың, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің кәсіподақ комитеттерінің өкілдері кіреді. Өз қызметінде Ғылыми кеңес ҚР «Білім туралы» Заңын, «ЖОО қызметін ұйымдастыру үлгілік ережелері», ЖОО Ғылыми кеңесі қызметінің Үлгілік ережелерін, Қызылорда технология және қызмет институтының Жарғысын басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері болып табылады: - институт ұжымының жоғары сапалы кәсіби мамандар дайындау мен мамандардың біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған әлеуетін біріктіру; - институттың материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдау жасауды қамтамасыз ету; - ғылыми зерттеулерді дамыту, институттың одан әрі қарай дамуына ықпал ету. Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді  қарастыру ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді. Кеңес мәжілісі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өтеді. Ғылыми кеңестің өкілетіне институттың құрылымын бекіту, Жарғыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу, стратегиялық даму жоспарын бекіту, даму Тұжырымдамасын айқындау, көпдеңгейлі жоғары кәсіби білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын анықтау жатады. Жыл сайын Кеңес мәжілістерінде ректордың атқарылған жұмыстар туралы есебі, проректорлар, құрылымдық бөлімше басшыларының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері мен әдістері туралы есептері тыңдалады. Институттың халықаралық ынтымықтастығын дамыту мәселелері, оның ақпараттық және қаржы-шаруашылық қызметтері, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де ғылыми кеңестің назарында. 

 

Хабарландыру

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА АРНАЛҒАН №KZ01LAA00032484 НОМЕРЛІ ЛИЦЕНЗИЯСЫ.

accred 1  accred 2   accred 3  

Қызылорда технология және қызмет институты 2022 жылы 27-28 маусым аралығында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

accred 1  accred 2  accred 3 accred 6 accred 5 accred 6 accred 7 accred 8   

  • platonus
  • image001

  

kitap

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

016

 

01111123

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz